«Ұлттық қор – балаларға»

dep.jpg Аталмыш жобаны талқылау барысында Қазақстан Халық партиясының депутаты Гаухар Танашева балалардың жинақтау шотын мемлекеттік аударымдармен ғана емес, ата-аналар мен демеушілердің төлемімен де толықтыруға мүмкіндік беруді ұсынды.

Мәжілісмен 18 жасқа дейін қол сұғылмайтын балалардың жинақтаушы шотын тек Ұлттық қор ғана қаржыландырмайтын әлемдік тәжірибеге сілтеме жасады. Ол жинақтаушы шотқа ата-аналар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдарының мүшелері және т.б. қаражат аудара алатынын айтты.

– Бізде қолданысқа осындай қаржыландыру тетігін енгізу мүмкін бе? – деп сұрады Гаухар Танашева.

Үкімет өкілдері жобада қосымша қаржыландыру көзделмегенін мәлімдеді.

Мәжіліс ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде заңнаманы қалыптастыру жұмысын жалғастырып жатыр. Жоба Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% -ын 18 жасқа толғанға дейін балалардың арнайы жинақтау шотына аударуды көздейді. Қаражатты мерзімінен бұрын алуға шектеу қойылған.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy