ҚХП депутаты жайлы мектептерді қаржыландыру мәселесін сынға алды

dep.jpg

«2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатыр. Ол қазірдің өзінде депутаттар арасында көптеген сұрақ туындатты. Солардың бірі жөнінде Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова сөз қозғады.

Әңгіме өңірлерде жаңа жайлы мектептер салу жобасы туралы болып отыр. Бастапқыда бастама дұрыс сияқты еді. Өйткені кеңес дәуірінде салынған көптеген мектептер бүгінде оқушымен толып, бәрін сыйдыра алмай отыр. Жоба ауқымды болды: құрылысқа жер телімдері өңірлердің ұсынысы бойынша таңдалып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан міндетті түрде мақұлданды. Құрылыс квазимемлекеттік сектор қаржысына жүргізілді. Былай қарағанда ешқандай қиындық болмауы тиіс еді.

– Енді осы «сән-салтанаттың» ақысын жергілікті бюджеттер төлеуге мәжбүр. Ал ол шығындар олардың жоспарына енгізілмеген. Сонда өңірлер жаңа жайлы мектептерді қалай қаржыландырады? Демек, басқа бір шығындар қысқартылмақ! – деді депутат.

Смирнованың пікірінше, бұл қаржылық түйткіл ведомствоаралық үйлесімнің болмауынан туындаған. Ал енді оны шешу үшін басқа да маңызды шығындарды азайтуға тура келеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy