Ұлы мерейтой!

Биыл, 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осы айтулы датаға орай Қазақстан Халық партиясы «Ұлы Жеңіске тағзым!» атты мерекелік іс-шаралар топтамасын бастады. Науқан ардагерлер, тыл еңбеккерлері, соғыстың куәгерлері (соғыс кезінде бала болған жандар), үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері, азаматтық белсенділер мен жастардың қатысуымен кездесу форматында өтуде.

Сондай кездесулердің бірін ҚХП Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды. Партия мүшелері мен қонақтар метроном үнімен соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, салтанатты жиынды бастады .

Шараға шақырылғандардың қатарында сол сұмдық оқиғалардың көзі тірі куәгері, «соғыс перзенті» Роза Күжекова да болды.

«Біз балалар да, кейде ересектермен бірдей жұмыс істедік. Қолымыздан келгенше көмектестік, ата-анамызды, майдандағы жауынгерлерімізді уайымдадық. Біз де үлкендер сияқты Жеңісті асыға күттік», - деді ол.

1

Балалар соғыс бағытын өзгерте алмады, алайда сол кезде барлық күш-жігер, әрбір жұмыс күні майданды қолдауға бағытталды. Бүкіл ел біріге отырып, жауды жеңуге ұмтылды.

«Біз бұл естеліктерді немерелеріміз бен шөберелерімізге мұра етіп қалдыруымыз керек. Осылайша бұл естеліктер ұмытылмай, мәңгі сақталады», - дейді Роза Күжекова..

ҚХП Ұлытау өңіріндегі филиалы іс-шараны өткізу үшін әдеттен тыс форматты таңдады. Мұнда аға буын өкілдері, белсенділер мен жастардың қатысуымен кеңейтілген дөңгелек үстел өтті.

2

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен жиын Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге арналды. Шара барысында жас буын өкілдеріне аты аңызға айналған жерлесіміз Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы айтылды. Жастар өз тарапынан аталары мен әжелерінің соғыс жылдарындағы ерліктерін тілге тиек етті.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалы тақырыптық іс-шараны «ОРДА» жоғары колледжінде ұйымдастырып, студенттермен өткізді.

3

«Біз өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қабілеттерді шыңдауға тырысамыз. Бүгінгі ұрпақ бейбіт аспан астында өмір сүруіміз үшін жанын берген ержүрек батырларымыздың есімдерін білуі керек», - деді ұйымдастырушылар.

4


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy