Ұлы отан соғысы жауынгерлерін дәріптеу

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым!» атты акциясын жалғастыруда. Науқанның кезекті шарасы қазақстандық жауынгерлерді дәріптеуге арналған. Бұл – тәрбиелік мәні бар әрі жастарға тарихи мағұлмат беруге негізделген шара.

2025 жылдың 3 ақпанынан бастап ҚХП-ның аймақтық филиалдарының ұйымдастыруымен «Біздің жерлестеріміз – Ұлы Отан соғысының батырлары!» атты онлайн-көрме ашылды.

«Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне ұйымдастырылған көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған бірегей фотосуреттер, құжаттар, жеке мәліметтер мен естеліктер қойылады. Бұл еліміздің әр тұрғынына тұрғылықты жеріне қарамастан жерлестерінің ерлігі жайлы терең ақпарат алып, олардың рухын қастерлеуге және болашақ ұрпаққа тарихи шындықтың құндылығын жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді партиялықтар.

Онлайн-көрменің тұсаукесері ҚХП облыстық филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy