Ұлы Жеңіс күні қарсаңындағы мерейлі жүздесулер

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Халық партиясының өкілдері соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен «соғыс перзенттеріне» ерекше көңіл бөліп, оларға күнделікті өмірде қолдан келгенше көмек көрсетуді мақсат етуде.

Атырау облыстық филиалының төрағасы Балжан Досмұхамбетова мен «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жолдас Ғұмаровтың бастамасымен партия өкілдері 94 жастағы Елена Абсатыроваға барды. Ол жас кезінде фашистік концлагерьде тұтқында болған.

1

Ұлытау облысындағы партиялықтар ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, ардагер Шабат Қошанның үйінің ауласын қардан тазарту үшін сенбілік ұйымдастырды. Партиялықтармен бірге Жезқазған қаласындағы №13 мектептің 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ғайни Әбунәсіп те қолғабыс етті. Сонымен қатар, «Мейірімділік» акциясы аясында ҚХП өкілдері «Алтын алқа» иегері, зейнеткер Сағат Өтеноваға медициналық кеңес алуға көмектесті.

5

6

Жамбыл облыстық филиалы 90 жастағы тыл еңбеккері Нұрмахан Шалқаровқа тегін заңгерлік көмек көрсетті. Ақсақал өзіне қажетті барлық сұраққа жауап алды. Түркістан облыстық филиалының өкілдері тыл ардагері Тұрсынбай Кәрімовтің үйіне барып, оған арнайы сый-сияпат жасады.

7

13

Қостанай облысының партия мүшелері жергілікті жастар қанатының өкілдерімен бірге соғыс ардагері, концлагерь тұтқыны Леонид Дьячковпен жүздесіп қайтты. Шай үстінде ардагер өмір жолынан сыр шертіп, өткен күндердің естеліктерін бөлісті.

– Оның тағдыры – біз болашақ ұрпаққа жеткізуіміз тиіс тірі тарих. Осындай жүздесулер бізге бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің және бар қиындыққа қарамастан жеңіске жеткен жандарға деген құрметтің маңызды екенін еске салады, – деді Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Лейла Бексеитова.

8

Қызылорда облыстық филиалы қалалық №3 емхана мамандарымен бірге тыл еңбеккері, ардагер Асылкүл Баймаханова үшін медициналық тексеру ұйымдастырды. Қазіргі таңда 88 жастағы кейуана – көпбалалы ана, немере-шөбере сүйіп отырған ардақты әже. Кездесуде кейуана соғыс жылдары өткен ауыр жастық шағын еске алды.

– Ардагерлерге құрмет көрсету – біздің парызымыз. Майдан мен тылдағы бірліктің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткіздік. Егер тылдағы еңбек болмағанда, майдандағы жеңіс те болмас еді дейді партия өкілдері, қазақтың даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының сөзін мысалға келтіріп.

Абай облыстық ҚХП филиалы Семей қаласындағы №2 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тыл ардагерлеріне арналған шағын концерт ұйымдастырды. Қатысушылар концерттен ерекше әсер алып, өнерпаздарды ыстық ықыласпен, шынайы қошеметпен қарсы алды.

11

12

14


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy