Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат!

Қазақстан Халық партиясы «Ұлы жеңіске тағызым» атты мерекелік іс-шаралар топтамасын бастады. Бұл шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 85 жылдығына арналған. Жиындар ардагерлер, тыл еңбеккерлері, соғыстың куәгерлері (соғыс кезінде бала болған азаматтар), үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері, азаматтық белсенділер мен жастардың қатысуымен кездесу форматында ұйымдастырылуда.

Акция эстафетасын ҚХП Алматы облыстық филиалы өз қолына алды. Кездесуге ардагерлер тыл еңбеккерлері, жас буын өкілдері жиналды. Жиында патриоттық әндер шырқалып, тарихтан сыр шертетін әңгімелер айтылды. Шараның құрметті қонақтарына гүл шоқтары табыс етілді.

1

2

Қостанайда өткен шараның басты қонағы Освенцим лагерінде болған Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Дьячков болды.

3

4

«Бүгін сіздермен бірге болу мен үшін үлкен мәртебе. Біз Ұлы Жеңісті еске аламыз. Оның қандай қиындықпен келгенін, Отанымыз үшін, азаттығымыз үшін жанын қиған батырлар туралы есте сақтау маңызды. Сол бір сұрапыл да ұлы күндердің естелігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Балаларымыз бен немерелеріміз бейбіт аспанның, достық пен өзара көмектің қадірін түсініп-білуі үшін өткен күндерден сыр шертіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз!», - деді Дьячков.

5

ҚХП Абай облыстық филиалы ерекше көңіл-күй қалыптастыру мақсатында қалалық мәдениет сарайындағы Әскери даңқ мұражайында кездесу ұйымдастырды. Шараға қатысушылар соғыс ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен тілдесіп, олардың әңгімелері мен естеліктерін тыңдады. Жастар «Ұмытпаймын, мақтан тұтамын!» тақырыбында бейнероликтер дайындап, соғысқа қатысып, тылда еңбек еткен арғы аталары мен туыстары туралы айтты.

6

7

«Ардагерлерімізді құрметтеп, ардақтауымыз керек. Осы мақсатта біздің партия республика көлемінде осындай іс-шаралар топтамасын өткізіп отыр», - деді ҚХА филиалының төрағасы Айдын Егеубаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, атақты батырлардың ерліктерін есте сақтау ғана емес, ұмытылған немесе белгісіз сарбаздардың тарихын қалпына келтіріп, қайта жаңғырту да маңызды. Бұл зерттеулер күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

8

– Біз Отанымызды қорғауға ат салысқан әрбір жанға құрмет көрсетуге тырысамыз! – деп атап өтті партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy