Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин өңірлерге жасаған жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, сайлаушылармен кездесті.
Сапар барысында мәжілісмен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековпен жүздесті.
Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ облыстың инфрақұрылымын қалыптастырудың басым бағыттары талқыланды.

– Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, өнеркәсіп және жаңа жұмыс орындарын құру сияқты өзекті мәселелерді талқыладық, – деді Асылбек Нұралин. – Сонымен қатар инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері бойынша пікір алмастық.
Тараптар облыстың алдында тұрған міндеттерді тиімді шешу үшін орталық және жергілікті билік органдарының өзара тығыз әрекеттесуі маңызды екенін атап өтті. Парламентарий Ұлытаудың тұрақты дамуына және оның тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған бастамаларды заңнамалық және ұйымдастырушылық тұрғыда қолдауға дайын екенін жеткізді.
Кейін Асылбек Нұралин «Altuntau Kokshetau» АҚ-на бару үшін Ақмола облысына іс сапармен барды. Ол кәсіпорынның қызметімен, негізгі өндірістік үдеріспен, қызметкерлердің еңбек жағдайымен және жұмыс көрсеткішімен танысып, ұжыммен әңгімелесті.

– Біз әлеуметтік және өндірістік сипаттағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ қызметкерлерді алаңдататын проблемаларды талқыладық, – деді депутат. – Еңбек қауіпсіздігіне, әлеуметтік кепілдіктерге және кәсіпорынның даму перспективаларына ерекше көңіл бөлінді.

Мәжілісмен қызметкерлердің барлық ұсыныстарын, ескертулері мен өтініштерін назарға алып, оларды әрі қарай жан-жақты қарастыру және пысықтау үшін бақылауына алды.
@halyk_partiyasy