Қазақстан Халық партиясының «Дара Тұлға» акциясы аяқталып келеді. Акция мәдени-ағартушылық сипатта өтті. Оның аясында өңірлерде мәдениет қайраткерлерімен, спортшылармен, ғалымдармен және басқа да танымал азаматтармен кездесулер, сондай-ақ мұражай экскурсиялары, кітапханаларға бару, әдеби кештер және т.б. өтті.
ҚХП Маңғыстау облыстық филиалы жергілікті жастар үшін практикалық іс-шара ұйымдастырды. Еңбек сіңірген мұнайшы Киікбай Медеуов пен параспортшы Ғани Есентеміров құрметті қонақ ретінде жиын төрінен көрінді. Сонымен қатар, кездесуге партия филиалының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және т.б. қатысты.
Киікбай Медеуов мұнай саласында 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасының операторы, шебері және технологы болып бастаған. Кейіннен мұнай өндіру департаментін басқарды, өңірдің мемлекеттік аппаратында басшылық лауазымдар атқарды, жеке құрылымдарда жұмыс істеді. Бір сөзбен айтқанда, егер жастар өз мамандықтарын мұнай саласымен байланыстыруға ниетті болса, бұл кісіден үйренетін нәрсе көп.
Ал, Ғани Есентеміров - парапауэрлифтинг бойынша 7 дүркін ҚР чемпионы, 11 дүркін рекордсмен және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Таяудағы жеңістердің қатарында - Әлем Парачемпионатының қола медалін айтуға болады. Есентеміров бала кезінен спорттың дзюдо, бокс, кикбоксинг түрлерімен айналысқан. Он жыл бұрын спортшы аяғынан ауыр жарақат алып, кестіріп тастауға мәжбүр болды, бірақ спортқа қайта оралды. Алдымен ол мүгедектер арбасында волейбол ойнады, содан кейін парапауэрлифтингке қызығушылық танытып, бес жылдан бері чемпиондық атаққа ие болып келеді. Құрметті қонақ жастарға тұрақты жаттығулардың арқасында, қиындықтарға қарамастан, алға қойған мақсаттарына қалай жету керектігін әңгімелеп берді.