Педагогтардың біліктілігін арттыруда мұғалімдерді аттестациялау әлдеқашан профанацияға айналды. Тіпті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аттестациялаудан өтудегі қиындықтарды айтқан еді. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары Оқу-ағарту министрлігін осы жүйені реформалауға шақырды. Және бұл мәселе жауапсыз қалған жоқ.
Аттестациялау мәселесін Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП депутаты Ирина Смирнова көтерді.
Смирнова Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан ведомство жағдайды өзгертуге және «Педагогтардың мәртебесі туралы» заңға сәйкес келтіруге қалай ниеттін отырғанын сұрады.
Бейсембаев бұл үдеріс қазірдің өзінде жүріп жатқанын, жұмыс тобы педагогикалық қауымдастықтың идеялары мен ұсыныстарын ескере отырып, аттесациялау ережелерінің жаңа жобасын әзірлегенін атап өтті.