Маңғыстау облыстық Халықтық штабы: Атом электр станциясын салу – энергия тапшылығы мәселесін тиімді шешуге көмектеседі

Маңғыстау облыстық Халықтық штабтың өкілдері «Мұнай көлік корпорациясы» ЖШС-де түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Штаб мүшелері АЭС жобасының негізін қалайтын алғышарттар, атом электр станциясының құрылымы мен жұмыс істеу тәртібі, оның экожүйеге қандай артықшылықтар әкелетіні туралы айтты.

– Энергетика министрлігі 2035 жылға қарай елімізде электр энергиясын тұтыну деңгейі артады деп болжап отыр. Қазір еліміздегі электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағ энергия өндіреді. Бұл өнеркәсіп пен халықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткіліксіз, сондықтан мемлекет электр энергиясын көршілес елдерден сатып алады. Осы орайда, АЭС құрылысы энергияға деген сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі және энергияны басқа елдерден импорттауға тәуелді болмауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті спикерлер.

1

Сондай-ақ, кездесуде электр энергиясының жаңартылатын көздерінің мүмкіндіктері мен атом электр станциясының артықшылықтары салыстырылып, талқыланды.

– Электр энергиясының балама көздері тұрақсыз әрі ауа райының құбылыуына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан жаңартылатын энергия көздері энергия тапшылығын шешуде тек балама рөл атқарады. Ал атом электр станциясы – электр қуатының тапшылығын болдырмаудың бірден-бір оңтайлы жолы, - дейді штаб өкілдері.

Жиында мекеме қызметкерлері атом электр станциясының қауіпсіздігіне қатысты сауалдарын қойып, құрылыс жұмыстарын кім және қалай жүргізетінін, электр энергиясының тарифі қалай белгіленетінін сұрады.

Сұрақтарға толыққанды жауап бергеннен кейін штаб өкілдері референдумды және оған еліміздің әрбір азаматы міндетті түрде қатысуы маңызды екенін еске салды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy