Маңызды шешімдер кезеңі

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы жаңа саяси маусымдғы алғашқы отырысын өткізді. Депутаттар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылап, Мәжілістің үшінші сессиясының жұмыс жоспарын бекітті.

ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов халық мәжілісмендердің алдында көптеген маңызды міндеттер тұр. Олардың бірі – жаңа Салық кодексі.

- Нарықтың жаһандануы жағдайында елдің экономикалық өсуі инвестициялық саясатқа тікелей байланысты. Ал елге инвестицияны көбірек тарту үшін салық салу жүйесінің әділ болуы өте маңызды, - деп нақтылады Магеррам Магеррамов.

Заң шығарушылардың пікірінше, жаңа Салық саясаты – бұл жаңартылған салық әкімшілігі, салық режимдерін оңтайландыру және салық заңнамасын жеңілдету. Мұндай жаңашылдықтар еліміздің бәсекелестік артықшылығына айналуы тиіс. Депутаттар Мемлекет басшысының Банктер туралы жаңа заң қабылдау жөніндегі бастамасына да тоқталды.

– Бұл қаржы секторын дамытуға жаңа серпін береді, цифрлық активтер үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеді және банк саласында инновацияларды тиімді енгізуге қызмет етеді, - деді депутаттар.

Әділетті Қазақстанның тағы бір ерекшелігі – азаматтардың құқығының үстем болуы. ҚХП фракциясының пікірінше, бұл – адам құқығы мен бостандығын қорғаумен қатар, елдегі тағдыршешті мәселелерге қатысты азаматтық міндеттерді қатаң сақтау. Атап айтқанда, ҚР Президенті жариялаған АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу осыған жатады.

– Мемлекет үшін кез келген маңызды қадамды халықтың қолдауымен қабылдау қажет, - деді Мағеррамов.

Қазақстан Халық партиясы елімізде АЭС салынуына қарсы емес және бұл идеяны барлық жағынан толықтай қолдайды. Депутаттар аталған мәселені жан-жақты талдай келе, Қазақстанға «бейбіт атом» міндетті түрде қажет деген қорытындыға келді. Себебі, экологиялық таза әрі арзан электр энергиясы экономикамызды бәсекеге қабілетті етуге көмектеседі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy