Әлеуметке бағдарланған бағыт

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан GS Projects агенттігіне барды. Бұл жерде ерекше қажеттілігі бар балалармен ерте жастан жұмыс істейтін тьюторлар мен күтушілер дайындалады.

Көпбалалы және ерекше баланың анасы қолжетімділігі төмен түзету орталықтарынан, сондай-ақ балаларда өзін-өзі күту мен әлеуметтену дағдыларын қалыптастырмайтын сабақтардан көңілі қалып, мәселені өзі шешуге бел буады. Жобаның тарихы осылай басталады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында үйде оқыту форматы негізге алынды. Осылайша үй жағдайында ерекше балалардың тұрмыстық дағдыларын дамытатын кешенді сабақ өткізіп, балалардың дербестігін арттыруға және өмірге бейімделуіне көмектесетін күтушілер мен тьюторларды даярлау жобасы пайда болды.

– GS Projects — бұл балалар туралы. Диагнозына қарамастан, бейімделу мен қолдауға деген құқық туралы, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан кездесу қорытындысында. – Мұнда балалармен алғашқы кезеңнен бастап жұмыс істей алатын мамандарды дайындайды. Олар әлеуметтенуге көмектесіп, күрделі кезеңнен мерзімінен кешігіп емес. дер кезінде өтуге жәрдемдеседі.

Мәжілісмен әрі омбудсменнің ұстанымы қарапайым: әрбір бала ересек өмірге өзін жоғалтқан күйде емес, дайын әрі сенімді болып қадам басуы тиіс. Мұндай жобалардың көп болғаны жақсы.

– Әлеуметтену – артықшылық емес, – деп атап өтті К. Сейтжан. – Бұл – негізгі құқық.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy