Медицина қауқарсыз ба?

Қазақстан Халық партиясының депутаттары сайлаушылармен кездесулерін жалғастыруда. Мәжілісмен Ислам Сұңқар астана қаласындағы «№ 2 қалалық көпсалалы аурухана» ШЖҚ МКК-да болып, мекеме басшылығымен және еңбек ұжымымен әңгімелесті.

Кездесу барысында депутат аурухананың техникалық жабдықталуымен және жалпы жағдайымен танысып, орын алған проблемаларды талқылады. Шешімін таппай отырған мәселенің бірі – жүктеменің ауырлығы.

1

– Аурухана тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр, себебі олар жобалық қуаттылығына қарағанда әлдеқайда көп пациенттердің үлкен ағынын қабылдайды, - деді Ислам Сұңқар.

2

Стационар 400 орынға есептелген болса, қазір онда 523 адам емделуде. Қала мәртебесіне қарамастан, ауруханаға еліміздің барлық облыстарынан аурулар барады. Ол келушілерді қабылдауға, диагностикалауға, емдеуге және оңалтуға мәжбүр, өйткені науқастардың өз өңірлерінде мұндай көмекті алуға мүмкіндігі жоқ. Осындай жағдайдан кейін бұл жерде үстеме жұмыс көбейіп, сондай-ақ жабдықтар мен персоналға да жүктеме артып кетеді.

3

Осы мәселеден кейін екiншi проблема - дәрiгерлiк, орта-кiшi персонал сияқты бiлiктi кадрлардың тапшылығы туындайды. Дәрігер жалақысының төмен деңгейі жағдайды онан сайын қиындата түседі. Аурухананы ШЖҚ нысанына ауыстыру және оны ішінара коммерцияландыру ештеңені жақсы жаққа өзгерткен жоқ. Табылған ақша ағымдағы жөндеуге, инфрақұрылымды жақсартуға және т.б. жұмсалады. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыру өте нашар, жиі кідіріспен жүргізіледі. МСҚҚ-дан наурыз айының ақшасы жуырда ғана келіп түскен... Әрине, мұндай «мысық табандаған жүріс» жұмысшылардың жалақысына да әсер етеді.

– Бұл біз әріптестерімізбен бірге назарға алған жүйелі мәселелер, - деп атап өтті Ислам Сұңқар. - Біз оларды Парламенттің болашақ сессиясында көтеруге ниеттіміз.

4

Бұдан басқа, ҚХП депутаты педагог мәртебесіне ұқсас «дәрігер мәртебесі» деген ұғымды енгізуге бастамашы болуды ұсынады. Бұл дәрігерлерді әлеуметтік және заңдық тұрғыдан қорғауға көмектеседі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy