Медицина қолжетімді болуы керек!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы отандық медицинаның жай-күйіне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің жұмысына партиялық бақылау жүргізуді жалғастыруда. ҚХП-ның аймақтық филиалдары медициналық мекемелерге барып, дәрігерлермен және науқастармен кездесіп, сауалнама жүргізіп жатыр. Акцияның мақсаты – жүйедегі кемшіліктерді анықтау және оларды жою мақсатында шара қабылдау.

ҚХП Ақмола облыстық филиалының өкілдері облыстық көпсалалы аурухананың консультативтік-диагностикалық емханасына барды. Сапар аясында пациенттердің қызмет көрсету сапасы туралы пікірін білу үшін сауалнама жүргізілді. Филиал қызметкерлері тексеру нәтижелері бойынша бейнематериал дайындады.

Пациенттер тарапынан медициналық қызметтердің сапасына қатысты шағым түскен жоқ. Сонымен қатар, емделушілердің бірі бұл емханадағы кезек басқа мекемелерге қарағанда айтарлықтай аз екенін айтты, - деп нақтылады партия өкілдері.

Акция аясында ҚХП Арқалық қалалық өңірлік филиалының төрағасы Жанна Қайырбекова басқа белсенділермен бірге Арқалық аймақтық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. ҚХП ШҚО филиалының өкілдері «Защита теміржол ауруханасындағы» пациенттер арасында сауалнама жүргізді. Ал ҚХП Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері №4 емханаға барды. Бас дәрігер Маргарита Бисенова қонақтарға медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімдігі жөнінде және түйткілді мәселелердің қалай шешіліп жатқаны туралы толық баяндады. Сондай-ақ, жалпы емхана жұмысы, ондағы бос орындар және қаржыландыру мәселесі туралы да айтып берді.

– «Біз емханада ең алдымен, жүкті әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Физиотерапия кабинеті ашылды. Даулы мәселелерді шешу үшін медиация кабинеті бар», - деп атап өтті бас дәрігер.

Сонымен қатар, емханада e-gov порталына кіруге мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету үстелі бар call-орталық, ана мен бала бөлмесі, вирустық аурулармен ауыратын науқастар үшін жеке кіреберіс бар. Емхана басшылығымен кездесуден кейін пациенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі мұны растады.

Қостанайдағы партиялықтар қалалық №1 және №3 емханаларда да осындай бақылау шараларын жүргізді. Дәрігерлік еңбек сараптамасының меңгерушісі Ескендір Өтегенов пен емхана қызметкерлері «Damumed» жүйесіне (жүкті әйелдерді, диспансерлік науқастарды және т.б. тіркеу журналы жоқ) кадр тапшылығына және интеграциялық мәселелер бойынша шағымданды. №3 емхананың директоры, Әміржан Бақытжанов мекеме пациенттерді көптеп қабылдайтынын, алайда соған қарамастан, оның типтік емес ғимаратта орналасқанын және онда кабинеттер жеткіліксіз екенін айтты. Сондай-ақ, медбикелер мен басқа да кіші қызметкерлердің жалақысының аз екененіне назар аударуды сұрады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy