Медицинаны реформалар күтіп тұр

dep.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Премьер-Министр Олжас Бектенов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) қазіргі жүйесі түбегейлі реформаларды қажет ететінін мәлімдеді. Мұны осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Халық партиясының депутаттары да мәселе етіп айтқан болатын.

Әлеуметтік блок мәселелері туралы айта келе, Олжас Бектенов ең алдымен медициналық сақтандыру саласын сынға алды.

МӘМС жүйесін түбегейлі қайта жасау керек деп есептеймін, - деп мәлімдеді Премьер. - Сала толық цифрландыруды және ашықтықты талап етеді. Дәл қазіргідей қаражатты тиімсіз жұмсау, қосып жазу кезінде оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді!

ҚХП парламенттік фракциясының депутаттары осындай ақпаратты бірнеше жылдан бері Үкіметке жеткізуге тырысып келеді. Депутат Ирина Смирнова Мәжілістің пленарлық отырыстарының бірінде «денсаулық сақтау жүйесі өзінің тікелей міндеттерін орындай алмай отыр» деп те мәлімдеді.

Қазіргі уақытта емделу тек ақшаға ғана, ақылы, ұдайы өсіп келеді, - деп атап өтті ол кезде мәжілісмен. - Қазірдің өзінде Медициналық сақтандыру қорына төлемдердің жоқтығынан, тіпті пациенттердің сандық медициналық құжаттарын жүргізудегі олқылықтар мен қателіктерден медициналық көмек беруден бас тарту жағдайлары бар.

Ал «Damumed» бағдарламасында көрсетілмеген медициналық қызметтерді жаппай тіркеу халық ішінде «аңызға» айналды.

Міне, азаматтардың денсаулығына назар аударудың шегі жоқ! - деді Ирина Смирнова мысқылмен өзінің депутаттық сауалында. - Бірде ер адам жүктіліктің сәтті өтіп жатқанын білсе, енді біреу соқыр ішегін алдырғанын оқиды, ал біреуі скринингтен өткенін біліп жатады. Яғни, Медициналық сақтандыру қоры кейбір емханалар үшін пайда табу көзіне айналды.

Депутат өз өтінішін экономикалық қылмыстар саласында жұмыс істейтін еліміздің құқық қорғау органдарына да қосымша жолдады. Ендігі жерде, Премьер-Министрдің тапсырмасынан кейін отандық медицина пациенттерге бет бұрады деп үміттенеміз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy