Мейірімді жандардың мерекесі

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Халықаралық волонтерлер күнін атап өтті. ҚХП Қарағанды облыстық филиалы әйелдер қанатының жетекшісі Меруерт Барменшинова, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Жан Серікқұл және партия белсенділерімен бірге қалалық балалар кітапханасына барды. Мұнда партия мүшелері жастармен кездесу ұйымдастырды.

Шара барысында партия волонтерлері осы саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа ұрпаққа волонтерлік қызметтің практикалық артықшылықтары туралы айтып берді.

«Кездесу барысында Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Ең ынталы және белсенді қатысушыларға біздің партия атынан сыйлықтар табысталды», - деп атап өтті партиялықтар.

Халықаралық волонтерлер күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылы бекітті. Оның мақсаты - волонтерлік қызметке тартылған адамдардың қоғам игілігіне және дүниежүзіндегі мұқтаж жандардың өмірін жақсартуға қосқан үлесін дәріптеу.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy