Мектеп қауіпсіздігі – маңызды мәселе

ҚХП Жетісу облыстық филиалында өңірдегі білім беру жүйесі, мектептердің техникалық жағдайы мен жабдықтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Тамыз айында ҚХП белсенділері «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз болашақ» акциясын ұйымдастырған болатын. Науқан аясында Талдықорған қаласындағы мектептерге мониторинг жүргізілді. Партия белсенділері тексеріс барысында білім беру басқармалары назар аударуы тиіс маңызды мәселелерді анықтады.

«Орташа алғанда, білім беру мекемелерінің 20-30%-ында орын тапшы. Сондықтан, жаңа мектептер салу қажет», - дейді инспекторлар.

Қаладағы үш мектеп күрделі жөндеуді, тіпті, толықтай бұзып, жаңа ғимарат салуды қажет етеді. Соның бірі №2 орта мектеп.

1

«Бұл мектеп ұжымы ғимараттың техникалық жай-күйіне ғана емес, сонымен қатар оқу кабинеттерінің тапшылығына, олардың көлеміне қатысты мәселелерді де айтты. Мәселен, 18 орынға есептелген сыныптарда 25-30 бала оқиды. Ал бұл санитарлық нормалар мен талаптардың бұзылуына әкеп соғады», - дейді комиссия мүшелері.

Қала мектептері жабдықталуы жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Белсенділер мұны басшылықтың игеруіне берілген мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңалықтармен байланыстырады. Көптеген мектеп директоры қаржыны басқару бойынша білімін жетілдіру үшін курс қажет екенін айтқан. Ал оқытушылар сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақы жеткіліксіз екенін жеткізді. Бүгінде бұл қызмет үшін айына небәрі 8 мың теңге төленеді.

«Барлық мектепте психолог саны оқушылар санына қарай ыңғайлануы тиіс. 500 оқушыға кемінде бір маманнан келуі тиіс. Психологтардың оқушылармен өзара әрекеттесуі үшін қосымша оқу сағаттары қажет», - деп атап өтті белсенділер.

Бүгінде, әр мектепте бала санына қарамастан екі штаттық психолог жұмыс істейді. Орташа алғанда бір психологқа 800-ден 1000-ға дейін оқушы келеді, бұл тиімді жүктемеден едәуір асып түседі.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәселер бар. Көбіне мектептердегі күзетші қызметін зейнетке шыққан азаматтар атқарады.

«Әрине, бұл санаттағы адамдарға жұмыс қажет. Алайда, төтенше жағдай орын алған кезде, бұл балалардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету өте маңызды», - деді белсенділер.

Кейбір мектептердің, мысалы, №12 орта мектептің маңында бақылау шараларын күшейту қажет. Қоғам белсенділерінің айтуынша,аталған мектептің қасында сыра дүкені бар, сәйкесінше, ол жерде мас адамдар жиі жиналатынын айтты. «Екінші ауысымда оқитын балалар мектептен қараңғыда шыққан кезде мас әрі агрессивті адамдарды кездестіруі мүмкін. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін спирттік ішімдіктерді сатуды бақылауды қалпына келтіру және мектеп маңындағы аумақтарды күзету шараларын күшейту қажет», - деп балалардың ата-анасы шағымданған.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy