Мектеп – қауіпсіздік пен жайлылық мекені

dep.jpg

Петропавлда «Мектеп – қауіпсіздік пен жайлылық мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды. Жиынға облыстық жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері және партия белсенділері қатысты.

Бұл дөңгелек үстел ҚХП-ның еліміздің барлық аймағында ұйымдастырған «Қауіпсіз мектеп – қауіпсіз болашақ» акциясының қорытынды шарасы болды. Акция аясында партия мүшелері облыстағы білім беру мекемелерін тексеріп, мониторинг барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін жергілікті атқарушы органдарға қорытынды есепті тапсырды.

«Бұл шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі жайлы білім берудің қамтамасыз етілуі және білім беру ортасын құру кезінде туындайтын мәселелерге мемлекеттік органдар мен қоғам назарын аудару», - деп атап өтті партия мүшелері.

Талқылауға қатысушылар білім беру жүйесі ұлттың зияткерлік капиталын қалыптастыратынын айта келе, бұл салада жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етудің аса маңызды екеніне тоқталды.

«Қауіпсіз мектеп ортасы – бұл оқушының қажеттіліктерін ескере отырып, толық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және барлық қауіп түрін барынша азайтатын орта», - деп атап өтті олар.

Шара барысында әрбір баланың психологиялық және физикалық қауіпсіздігінің құқығы мен стандарттарына кепілдік беретін тұтас білім беру саласын қалыптастыру үшін қоғамның, жергілікті білім беру мекемелерінің, мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажет екені жөнінде пікірлер айтылды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy