Қазақстан халық партиясының депутаттары Ирина Смирнова мен Гаухар Танашева Павлодар облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады.
Сонымен қатар, мәжілісмендер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары аясында қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін «Дәмді тағам» ЖК ұжымымен кездесті.
Тамақ өнеркәсібінің жұмысшылары серіктес ретінде мемлекет өз міндеттін толық орындамай отырғанын айтты. Нақтырақ, ақша жоқ, инфляцияны ескере отырып, азық-түлікке қаржы бөлінбейді. Соңғы төрт жылда баға 50% - дан астам өсті, бірақ бөлінген қаражат көлемі 2019 жылдан бері қосылмаған. Сонымен қатар, 2500 пациентті тамақтандыратын кәсіпорынға төлемдер жүйелі түрде кешіктіріліп, науқастарды өз есебінен тамақтандырады. ҚХП депутаттары бұл мәселені көтеретінін айтып уәде берді.
Сондай-ақ Смирнова мен Танашева "Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар үйі" КММ-де болды. ҚХП фракциясы бұған дейін мекеменің түлектерін әлеуметтік қорғау мәселелерімен белсенді айналысқан болатын.
– Біз жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға тұрғын үй беру мәселелерін көтеруді жалғастырамыз, - деп атап өтті мәжілісмендер кездесу қорытындысында.
Келесі кездесу көкөніс өнімдерін өсіруге және сатуға мамандандырылған "AGRO viva" ЖШС-де өтті. Мұнда агробанк құру қажеттілігі талқыланды, өйткені екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылық кәсіпорындарына несие бермейді.
Мұндай банкті ұйымдастыру идеясын ҚХП фракциясы республикалық деңгейде ілгерілетуге ниетті.