Мемлекеттік сатып алу туралы заңды қайта қарау керек

dep.jpg Парламент Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар өңірлерге жұмыс сапарын қорытындылады. Ол күні кеше Павлодар облысынан оралды.

Сапар барысында Ислам Сұңқар 24 іс-шара өткізіп, 2 қала, 3 аудан және 3 ауыл тұрғындарымен: бюджет қызметкерлерімен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, заңгерлермен, әкімдіктердің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті.

Депутаттың айтуынша, көтерілген мәселелерді 2 топқа бөлуге болады. Жергілікті жерде жергілікті билік шешетін және ұзақмерзімге жоспарланған ауқымды мәселелер.

– Барлық жерде Мемлекеттік сатып алу туралы заңға қатысты мәселе туындады, – деді И.Сұңқар. – Осы заң мемлекеттік органдардың, мектептердің, ауруханалардың және басқа да ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне қолайсыздық туғызады. Көптеген үдерісті баяулатып, заңға қайшы әрекетке қолайлы жағдай жасайды және мәселелердің шұғыл шешілуіне кедергі келтіреді.

Мардымсыз жалақы, ауыл инфрақұрылымының тозуы және кадр тапшылығы мәселері де өзектілігін жоймаған. Орман шаруашылығында, өрт сөндіру бөлімдерінде, ауылдардағы ауруханалар мен мектептерде маман жетіспейді.

– Ауылдық аумақтарды дамыту ісі де кенжелеп тұр, – деді И. Сұңқар. – Жалпы алғанда, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы мен Даму тұжырымдамасы аясында мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Тек бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау қажет.

Мәжілісмен ел азаматтары Халық партиясының бастамаларына оң көзқарас танытып жатқанын мәлімдеп, саяси ұйымның бағдарламасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын жариялады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy