Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов ҚХП кеңсесінде азаматтарды жеке қабылдады. Іс-шара сайлаушылармен жұмыс кездесулері аясында өтті.
Қабылдауға келген азаматтар көтерген сұрақтар негізінен тұрғын үй қатынастарына қатысты болды. Мысалы, «Егер отбасы форс-мажорлық жағдайларға байланысты бұрынғы табыс көзінен айырылса, ипотекалық несиені төлеу үшін кейінге қалдыруды қалай алуға болады?» деген секілді. Тұрғын үй құрылысының сапасы да көп талқыланған тақырыпқа айналды. Нақты айтатын болсақ, Қазақстан Халық партиясына Қарағанды қаласының «Сайнрайс» ТК тұрғындарының бастамашыл тобы арыз арқалап келді. Жақында ғана жаңа пәтерлерге қоныс аударған тұрғындардың жаңа қонысқа ие болдық деген қуаныштары су сепкендей басылған. Өйткені, ТК-нің жертөлесін үнемі су басуда, қабырғадағы қаптама түсіп жатыр, құрылысшыны желдеткішті салыстырмалы түрде жөндеуге әрең мәжбүрлеу көрдіргенмен, коллекторлық нөсер құбыры түбірімен жоқ.
– Біз әкімдікке жүгіндік, бірақ бізді тағы да барлық шағымдарымызбен құрылыс салушыға жіберді, - деп шағымданды меншік иелерінің бірі. - Бізде үй ескі ұңғыма орнында салынған деген күдік бар, бұл туралы құжаттарда айтылған. Сондықтан жертөлені үнемі су басып тұрады.
Құрылыс салушы, әрине, шағымды қабылдамайды, бақылау-қадағалау органдары жауап жолдайды. Тұрғындар енді сотқа құжаттар дайындап жатыр.
Дегенмен, сапа жеке тұрғын үйлерде ғана емес, жалға берілетін тұрғын үйлерде де ақсап тұр. Бір ғана мысал, қабылдауға келген азаматтың біріне 12 жыл күткеннен кейін Щучинскідегі «әлеуметтік» пәтерді бес жылға жалға берген. Оның айтуынша, оған бөлінген тұрғын үй (1985 жылы салынған) күрделі жөндеуді қажет етеді. Мемлекеттік органдар жалға алушыға оны өз есебінен жөндеуді ұсынған. Оның үстіне, бес жылдан кейін бұл тұрғын үйден айырылып қалмайтынына ешқандай кепілдік берілмеген, жалдау сатып алу құқығынсыз рәсімделген.
Партия заңгерлері мүмкіндігінше өтініштер бойынша қажетті кеңестер берді. Бірқатар мәселелер бойынша олар ұсынылған құжаттарды тереңірек зерттеп, содан кейін ғана қорытынды жасауға ниетті екендіктерін жеткізді.