Межелі мекен - Денисов ауданы

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары өңірлерге жұмыс сапары аясында сайлаушылармен кездесу үшін Қостанай облысының Денисов ауданына келді. Мұнда олар бірқатар инфрақұрылымдық және мәдени нысандарды аралап, жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, заң шығарудағы құқық мәселелерін талқылады.

ҚХП фракциясының басшысы, депутат Магеррам Магеррамов атап өткендей, мәжілісмендер уақыттың басым бөлігін құқық қорғау органдары: аудандық полиция бөлімі мен аудандық прокуратура, сондай-ақ аудандық сот қызметкерлерінің қатысуымен өтетін іс-шараларға бөлді.

1

– Біз аудандағы ағымдағы жағдайды талқыладық, - деп атап өтті Магеррамов, - сондай-ақ олардың қызметіне тікелей қатысты заңнаманы реформалау туралы әңгімелестік.

2

Қазір Парламент әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығын, сондай-ақ сот жүйесін жетілдіруге бағытталған бірнеше заң жобасымен жұмыс істеуде.

3

– Біз келіп түскен барлық ұсыныстарды ескереміз, - деп уәде берді Мәжіліс депутаттары.

4

Депутаттар ауданның тарихи-мәдени мұрасын да назардан тыс қалдырмады. Партия делегациясы Денисов өлкетану мұражайында болды.

5

– Мұнда бұрын арийлер тұрған үлкен қаланың орны бар, - деп нақтылады ҚХП депутаты Ирина Смирнова. - Қала «күн қаласы» сияқты шеңбер қағидаты бойынша құрылған. Дәл осыған ұқсас, тек көлемі жағынан шағын, алайда анағұрлым ерте кезеңде салынған қоныс Ресей аумағында орналасқан.

6

Ресейліктер өз мұрасын сақтап, қаржы салып, туризм нысанына айналдыра отырып, оған жанашырлықпен қарап отыр. Қазір ол жаққа экскурсиялар жиі барады, бұл өңір экономикасына да, мәдениетті ілгерілетуге де оң әсерін тигізеді.

7

– Бізге де солай істеу керек, - дейді ҚХП депутаттары. - Біздің мәдени құндылықтарымызға қаржылай қолдау мен үгіт-насихат жұмыстары ауадай қажет болып отыр.

8

Өңірлерге бару - халық қалаулылары жұмысының ажырамас бөлігі. Олар өндірістерге, шахталарға, зауыттарға, ауруханаларға, инфрақұрылым нысандарына және т.б. барып, азаматтарды толғандыратын, бірақ жергілікті жерлерде шешілмейтін мәселелерді егжей-тегжейлі зерттейді. Болашақта барлық анықталған проблемалар Үкімет пен әкімдер алдына қойылады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy