Мүгедек жандар шетте қалмауы тиіс!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтары құқықтары жөніндегі уәкілі Кенжеғұл Сейітжан «Қазпошта» АҚ өкілдерін мүгедек жандарға қолжетімді қызмет көрсетуге шақырды.

Пошта байланысы мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылау барысында Мәжілісмен «Қазпошта» нысандарының инфрақұрылымы ерекше қажеттілігі бар жандарға (ал АҚ-да мұндай 3 мыңға жуық нысан бар!), соның ішінде ауылды жерлердегі азаматтарға да қолжетімді болуын сұрады. Сонымен қатар, бұл нысандарды маркетплейстер жиі жалға алады, олардың қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар азаматтар да пайдаланады.

– «Қазпочта» қолжетімді ортаны құруды қалай жүзеге асырады? Егер бұл нысандар сіздерге тиесілі болса, оларды инфрақұрылымдық тұрғыдан қалай жақсартасыздар?», - деп сұрады депутат.

«Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова бұл мәселені аса маңызды екенін атап өтті.

– «Бізде пайда мен әлеуметтік міндеттемелерге қойылатын талаптар бар. Тиісінше біз оларды орындауға міндеттімі», - деді ол.

Мүгедектігі бар азаматтарға қаржылық қызметтерді көрсету мәселесі де ашық күйінде қалып отыр. Әсел Жанасова «Қазпошта» қолма-қол ақшаны, оның ішінде зейнеткерлер мен арнайы жәрдемақы алушылардың үйіне тікелей жеткізіп беретін жалғыз қаржы мекемесі екенін мақтанышпен атап өтті.

– «Бүгінде бізде ақшаны үйге алдыратын 1 миллион клиент бар», - деді ол.

Алайда цифрлық қызметтер бойынша мақтанып, ауыз толтырып айтатын ешқандай жетістік жоқ.

– «Бүгінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімсіз бағдарламалар мен қосымшалар бар. Қазір азаматтардың басым бөлігі банк қосымшаларды пайдаланады», - деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан.

Бұған «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қаржы институттарының жеке онлайн-қосымшасы бар екенін айтып бұлыңғыр жауап берді. Бірақ сонымен қатар ол қосымшалардың танымалдыққа ие болып, барлық клиентке ыңғайлы болуы үшін оны ең жақсы стандарттарға бейімдеу шараларын қабылдауға уәде берді.

– Мүгедек жандар шетте қалмауы тиіс! Олардың да барлық басқа азаматтар сияқты қызметтерді еш кедергісіз алуға құқығы бар», - деді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy