Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік кодексті тағы да сынады

Мәжіліске Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Кенжеғұл Сейітжан өңірлерге жұмыс сапары аясында Ақтөбе облыстық Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада сонымен қатар Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасында болды.

Депутат кітапхана қызметкерлері және оқырмандарымен кездесуде мүгедектігі бар адамдар мен қарапайым азаматтар арасындағы теңсіздікті жою арқылы ғана адамдарға тең мүмкіндік беруге болатынын атап өтті. – Ерекше қажеттілігі бар адамдар қоғамның толыққанды мүшесі. Олардың да арманы, мақсаты, құқығы бар. Қоғам осыны түсінуі және қабылдауы тиіс, – деді депутат кітапханада сөйлеген сөзінде.

К. Сейітжан спорт саласының өкілдерімен және спортшылармен сөйлескенде мүмкіндігі шектеулі жандардың өзекті мәселелерін талқы таразысына салды.

– Әлеуметтік кодекстің олқылығы көп. Қыркүйей айына түзетулер мен өзгерістер жобасын әзірлеп қоюды жоспарлап отырмыз,– деді депутат.

Айта кетейік, алдағы уақытта Парламенттік тыңдау өтеді. Сонда Әлеуметтік кодексті жетілдіруге қатысты осыған дейін министрлікке берілген ұсыныстар пысықталады.

Біле жүріңіз, Әлеуметтік кодексте адамның базалық әлеуметтік құқықтары белгіленген. Құжатта мүгедектігі бар адамдарға ерекше назар аударылатыны жазылған. Ал іс жүзінде бұлай болып жатқан жоқ. Еңбек және халықты қорғау министрлігі ұсынған құжаттың шикілігі көп. Құжат мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік мәселелерін тиісінше шеше алмай отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy