Мүгедектігі бар адамдардың құқын қорғау

dep.jpg

Қазақстан Халықтық партиясы атынан Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан кемтар азаматтардың мемлекеттік органдар тарапынан да құқы бұзылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдарды қолдау және әлеуметтік қорғау жүйесі қайта қарауды талап ететінін мойындау қажет, - деп атап өтті ҚХП депутаттық фракциясының өкілі.

Кенжеғұл Сейтжан жарымжандардың өтініштеріне байланысты бірқатар нақты мысалдар келтірді. Олар: кәдеге жаратылған көлікті есептен шығарудағы бюрократиялық қиындықтар, Мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы оңалтудың контрафактілік құралдарын тарату және ортопедиялық аяқ киімді жеткізу кезіндегі мерзімдерді бұзу. Және, әрине, қазіргі жағдайда бақылау-қадағалау органдарының толық әрекетсіздігі.

Депутат ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өтініштерін қайта қарауды ұсынып, олардың құқықтарын қалпына келтіруді, кінәлілерді анықтауды және жазалауды талап етті. Сонымен қатар, ол әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне аудит жүргізуді, бақылауды күшейтуді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзған қызметкерлердің жазасын күшейтуді ұсынды.

Азаматтардың осы санаты үшін әлеуметтік қызметтерді монетизациялау мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Мүмкін оларға техникалық құралдарды өз бетінше таңдауға және осы саладағы сыбайлас жемқорлық схемаларын болдырмауға мүмкіндік беретін ақшалай ваучерлер қарастыру қажет болар, - деп депутат өз сауалын түйіндеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy