Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің саяси партияларының медиа-саласының қызметкерлеріне Алғыс хаттар тапсырды.
Марапаттау рәсімі барысында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет партиялық медиа қызметкерлеріне алғыс айтып, мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Бұл істе саяси партияларға маңызды рөл беріледі. Сондай-ақ, Комитет басшысы қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Осындай Алғыс хаттардың бірі еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Халық партиясының медиа-офисінің журналисті Маргарита Банцикинаға табыс етілді.
ҚХП ұжымы Маргарита Банцикинаны осы құрметті наградасымен шын жүректен құттықтайды!