Қазақстан Халық партиясы «Теңдесі жоқ кемеңгер жазушы» акциясы аясында ұйымдастырған мәдени-танымдық шаралар кешенін қорытындылауда. Акция қазақтың біртуар жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналды. Классик жазушының туған жері – Қызылорда облысында ҚХП жергілікті филиалы кітап көрмелерімен қатар, көркем және әдеби шығармашылық байқаулар ұйымдастырды.
Қорытынды іс-шаралардың бірі Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада партиялықтар ұйымдастырған «Өмір шындығына адалдық» атты әдеби отырыс болды. Оған ҚХП Орталық аппаратының өкілдері, сондай-ақ жазушылар, ақындар, Қорқыт ата атындағы университет профессорлары, кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Кездесу қызылордалық «Жастар» жастар театрының әртістері қойған «Әбдіжәміл әлемі» атты әсерлі театрландырылған қойылыммен басталды. Мерекелік шарада «Мереке» вокалды-аспаптық ансамблі көпшілікке бірнеше музыкалық нөмірін ұсынды. ҚХП ОА ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдәулет Оразханов жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйледі. Ол бұл акцияның Қазықстан Халық партиясы үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыз Әбдіжәміл Нұрпейісовтің еңбектері мен гуманистік идеяларын жастар арасында кеңінен насихаттау болды. Оның кітаптары Қазақстан мен ХХ ғасырдағы әлем әдебиетіне қосылған елеулі үлес», - деді ол.
Жиында баяндамашылар қазақ қоғамының әлеуметтік, экологиялық және этикалық мәселелерін қамтыған Нұрпейісов шығармаларының әдеби ғана емес, сонымен бірге саяси құндылығын да бірнеше рет атап өтті. «Қан мен тер», «Соңғы парыз» сияқты әйгілі романдар жазушы суреттеген жылдардағы бетбұрыс дәуірінің рухын көрсетеді. Және, әрине, бұл шығармалардағы кейіпкерлердің Жаңа Қазақстанда әбден түсінікті және қабылданатын әлеуметтік әділеттілікке ұмтылуын атап өтпеу мүмкін емес еді.
Әрине, бұл туындылардың кейіпкерлерінің жаңақазақстандықтарға тән әлеуметтік әділеттілікке деген ұмтылысын атап өтпеске болмайды.
«Жазушы мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл шығармалар кітап оқитын әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталады», - деп қорытындылады партиялықтар.
Жиын соңында Нұрдәулет Оразханов пен ҚХП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаров қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.