МӘМС-ті қалай қолжетімді етуге болады?

dep.jpg

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қандай реформалар қажет? Бұл мәселе Қазақстанда барлық деңгейде талқыланып жатыр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жүйені реформалауды жалғастыру керек екенін атап өтті.

«Сонымен қатар бірқатар заңнамалық шара қабылдау қажет. Үкімет Парламентпен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын жедел пысықтауы керек. Құжат осы сессияның соңына дейін қабылдануға тиіс», - деді Президент.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары да отандық медицинаның проблемаларын талқылаған болатын. Белгілі болғандай, Қазақстан халқының жартысына жуығының (47%) отандық медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайды. Бұл туралы Мәжіліс вице-спикері, депутат Дания Еспаева мәлімдеді.

«Бүгінде медициналық ұйымдарда «пациент-фокус» принципінен «табыс-фокус» принципіне көшуде», – деп атап өтті Дания Еспаева.

Осы ретте Қазақстан Халық партиясы отандық медицинаның жай-күйіне қатысты тәуелсіз талдау жұмысын жариялады. Зерттеудің авторы – әлеуметтік ғылымдар магистрі, ҚХП Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Гүлдарина Нұрмағанбет.

«...Медициналық көмектің қолжетімдігі қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелердің бірі, әсіресе, қазіргідей әлеуметтік-экономикалық ортаның қарқынды дамуы жағдайында. Халықаралық тәжірибеде медициналық қызметтердің қолжетімдігін арттыру мәселелері халықтың денсаулығын жақсартуға және медициналық көмекке қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған бірінші кезектегі міндеттер саналады...», - делінген зерттеуде.

(Зерттеудің толық мәтініне сілтеме)


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy