Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне мүше депутаттар елордалық бірнеше медициналық мекемелерге барып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Онда МӘМС жүйесін дамыту мәселесі сөз болды. Шараға өзге әріптестерімен бірге Қазақстан Халық партиясының депутаты Гаухар Танашева да қатысты.
Жекелеп айтқанда, мәжілісмендер №9 қалалық емханаға, №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына, №1 көпсалалы қалалық ауруханаға және Астана қаласының көпсалалы медициналық орталығына барды.
– Біздің емдеу мекемелеріне келуіміз себебі пациенттердің де, медицина қызметкерлерінің де тап болатын қиындықтарын білу, - деп атап өтті Гаухар Танашева. – Бұл тек астаналық мекемелерде ғана емес, ел бойынша кездесетін проблема.
Дәрігерлер ӘМСҚ тарапынан травматикалық пункттерге, жедел жәрдем көліктеріне, онкогематология бөлімшелеріне қаражаттың жеткіліксіз бөлінуін, нақты шығындарды өтеудің болмауын және қабылдау бөлмесіне шұғыл көмекке жүгінген амбулаториялық науқастар үшін қаржы толық бөлінбей жатқанын айтып шағымданды. Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша, мекемелерде құрал-жабдықтар, операция жасайтын бөлмелер мен арнайы жәшіктер жетіспейді. Ауруханалардың шамадан тыс жүктемесі көп, ғимараттарды ғана емес, сонымен қатар инженерлік желілерді де жөндеуді қажет етеді.
– Следует подчеркнуть важность защиты безопасности медицинских работников, – также заявила Танашева. – Их труд должен быть уважаем. По итогам встреч, мы пришли к выводу, что система ОСМС требует серьезной реформы. Необходимо найти решения для улучшения нашей системы здравоохранения.
Депутаттар осы мәселе бойынша өз ұсынымдарын Үкімет сағаты кезінде мәселе етіп көтермек. Оған әрине ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысады.