Ақмола филиалы атқарылған жұмыс туралы есеп берді

Қазақстан Халық партиясының Ақмола облыстық филиалы ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында жыл қорытындысы бойынша есеп беру кездесуін өткізді. Іс-шараға қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, партия өкілдіктерінің басшылары мен белсенділері қатысты.

ҚХП АОФ төрағасының орынбасары Арман Тастамбеков өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Атап айтқанда, облыстық филиал, оның өкілдіктері мен депутаттық корпусы жыл басынан бері 973 іс-шара өткізді. 7 бастауыш партия ұйымы ашылды. Түрлі мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпкерлермен және жеке тұлғалармен 9 меморандум түзілген.

Атап айтқанда, Ақмола адвокаттар алқасымен жасалған меморандумдардың арқасында азаматтар кәсіби заң кеңесін ала алатын болды, - деп атап өтті Тастамбеков. - Ақмола облысының Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Қалалық және аудандық мәслихат депутаттары халықпен 232 кездесу ұйымдастырып, 46 депутаттық сауал жолдады. Депутаттық корпустың қаражаты есебінен 2 балалар алаңы салынды, ауылдағы жол жөнделді, әлеуметтік тұрмысы төмен 100-ден астам отбасыға атаулы көмек көрсетілді. «Әлеуметтік сөре» әлеуметтік акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 250-ден астам азамат бірінші кезекте қажетті азық-түлік алды.

ҚХП АОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің шеңберінде өкілдіктер мен депутаттық корпус азаматтардан 294 өтініш қабылдап, оның 261-і оң шешімін тапты.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында филиал 2 ірі спорттық-бұқаралық іс-шара өткізді. Степногорск қаласында Мұғалімдер күніне арналған филиал кубогы үшін жарыстар өткізілді. Ал Көкшетауда Тәуелсіздік күніне арналған ушу-саньда бойынша облыстың ашық кубок ұйымдастырылды.

2

2023 жылды қорытындылай келе, Арман Тастамбеков партия депутаттары мен белсенділеріне атқарған жұмыстары үшін ризашылық білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

1


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy