Мопедшілердің жеке құқықтары болады

dep.jpg

Парламент Мәжілісі мопедтерді толыққанды көлік құралдары деп, ал олардың жүргізушілерін жол қозғалысына жауапты қатысушылар деп тануға ниетті. Бұл нормаларды қазір депутаттар қарауда.

Заң жобасы мопедтерді пайдалану және қозғалыс ережелерін реттеуге мүмкіндік беретін «шағын электр және көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылауды» ұсынады. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда мопедтердің қатысуымен 750 ЖКО болды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп.

– Олардың жүргізушілері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапты болады, - деп атап өтті Заң жобасын әзірлеушілер.

Мопедтерді басқару үшін қазақстандықтар жеке «А1» санатындағы тіркеу және жүргізуші куәлігін алады, жыл сайынғы техникалық тексеруден өтеді, сондай-ақ міндетті сақтандыруды ресімдейді. Алайда, кейбір депутаттар мұндай тәсілді мопедшілерге қатысты кемсітушілік деп санады.

– Заң жобасында мопедтердің барлық жүргізушілері арнайы «А1» санаттағы жүргізуші куәлігі құқығына ие болуы тиіс деп көзделген, - деп нақтылады Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар. - Электрскутерле рдің жүргізушілері кез келген санаттағы жүргізуші куәлігіне ие бола алады. Бәріне бірдей бір қағидат бойынша кез келген санаттағы құқықтарды қалдыруға болмады ма?

Депутат Екатерина Смышляева Заңды әзірлеушінің өкілі ретінде мұндай нұсқа теориялық тұрғыдан мүмкін болғанын, бірақ 2009 жылы Қазақстан БҰҰ Жол қозғалысы туралы конвенциясын ратификациялағанын атап өтті.

– Конвенция нормаларын сақтау үшін, егер біз мопедтерді механикалық көлік құралы деп танысақ, бізге жүргізу құқығының жеке санаты қажет, - деп түсіндірді мәжілісмен. - Егер біз мопедтерді электрлі скутер сияқты механикалық көлік құралы деп танымасақ, онда сіз айтқандай норманы орындай алар едік.

Алайда, оның айтуынша, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің иегерлеріне А1 санаты автоматты түрде берілетін ымыралы нұсқа да болуы мүмкін. Қазір бұл ұсыныс жұмыс тобында талқылануда.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy