Қазақстан Халық партиясы Астана қалалық мәслихатының депутаты, қалалық құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Дархан Рамазанов, тұрғын үй қатыгнастары мәселелері бойынша жергілікті халықпен кездесті. Кездесу барысында «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізу, тұрғын үй реформалары, тұрғын үй беру ережелері мен оны күту мерзімі мәселелері талқыланды.
Шараға «Менің үйім» өзін-өзі бас¬¬қарушы кондоминиум тұр¬ғын¬да¬р қауымдастығы» басқарма төрағасы Талғат Татиков, «Қоғамдық қорңау» РҚБ атқарушы директоры Сәкен Алданазаров Сәкібекұлы, «Astana Sports Group» ЖШС директоры Әділет Доқтырбек қатысты.
Кондоминиум бұл жеке адамдарға бөлінген мүлік және ортақ үй мүлкі. Қазіргі таңда бұл терминнің мағынасын халық дұрыс білмейді. Соның әсерінен ортақ жер телімдерін сатып, қоймалар сала бастады. Бұл дегеніміз кондоминиум объектісіне мемлекеттік тіркеу тәртібі болу қажет, -деп атап өтті Т. Татиков.
Кездесуінің соңында тұрғындар тарапынан жіберілген сауалдар қойылып, оларға түсіндірме жауаптар берілді. Сонымен қатар тұрғын үй саласындағы жұмысты жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтылды. Алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесін жақсарту, қолайлы жағдай жасау қажет.
Өз кезегінде ҚХП Астана мәслихатының депутаты Дархан Рамазанов лайықты дәрежеде тұрғын үй қорын сақтап, халық игілігіне жұмыс жасау керектігін айтты.
Алдағы уақытта қала бойынша тұрғын үй мәселелерін жіті назарда ұстап, әкімдікке, тұрғын үй инспекциясына депутаттық сауал жолдап, мәселені бақылауда ұстаймыз. Сонымен қатар, комиссия шеңберінде жоғарыда айтылған мәселелерді көтеретін боламыз, - деді Дархан Рамазанов.
Депутаттық қоғамдық қабылдау аясында «Менің үйім» өзін-өзі бас¬-қарушы кондоминиум тұр¬ғын¬да¬р қауымдастығы» басқармасымен біріге отырып, консультативтік кеңес беретін қабылдау бөлімін құруды ұсынды.