Мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін ерекше стандарттар қажет

dep.jpg

Мүгедектігі бар адамдар да адам саудасының құрбаны болуы мүмкін. Осындай зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде олардың ерекше мәртебесі ескеріле ме? Бұл мәселені Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстан Халық партиясының депутаты Кенжеғұл Сейітжан көтерді.

Осындай қиын жағдайға тап болған ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеу әдістері туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова түсіндірді.

– Егер адам саудасының құрбаны болған адам мүгедектігі бар деп танылса, оған міндетті түрде арнайы қолдау көрсетіледі, - деп сендірді вице-министр. - Бұл медициналық көмек, бейімделу, қажетті нысандардың қолжетімділігі және т.б. кіретін тиісті стандарттармен айқындалады.

Қазақстанда адам саудасына қарсы әрекет туралы дербес Заң пайда болады, қазір ол Парламент Мәжілісінде талқыланып жатыр және бірінші оқылымда қабылданды. Құжатта жаңа ұғымдар мен терминдер енгізіледі, адам саудасының тәуекелдерін бағалау және құрбандарды қолдау тетіктері енгізіледі, сондай-ақ осындай қылмыс туралы баптардың барлығы ауыр қызмыстық деп саналатын болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy