Мүгедектігі бар азаматтарға арналған электронды қызметтер қалай бақыланады?

dep.jpg

Мәжіліс депутаты, Президент жанындағы Әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі өкіл Кенжеғұл Сейтжан жасанды интеллекттің дамуына арналған Парламент тыңдауы кезінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мүгедектігі бар азаматтарға арналған электронды мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қалай қамтамасыз етіп, бақыламақ екенін сұрады.

Депутат мүгедектігі бар адамдар Қазақстанның барлық азаматы сияқты мемлекеттік қызметтерге теңдей қол жеткізуі керек екенін ерекше атап өтті. Бұл мәселе бойынша жауапкершілікті кім және қалай алады?

– Мұндай бақылау үшін қаржы қарастырылған ба? – деп нақты сұрады Сейтжан.

Министр Жаслан Мәдиев бұл жұмыс үшін арнайы мемлекеттік қызметтер комитеті бар екенін атап өтті. Бұл комитет деректерді цифрландыру, қызметтерді қайта құру жұмыстарымен айналысып, қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, қызметтердің сапалы әрі уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.

– «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасында мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылым үнемі қалыптасып жатыр. Сондай-ақ, электрондық үкіметтің өнімдерін, оның ішінде e-gov платформасын жаңарту аясында қолдау құралдары қарастырылған: мысалы, аудио көмекші және басқа да мүмкіндіктер. Біз осы құралдарды ескеріп жатырмыз, - деді Мәдиев.

Алайда, бақылау және жауапты тұлғалар туралы нақты мәселе әлі шешілмеген күйінде қалды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy