Мүгедектігі бар сотталғандардың жайы қалай?

dep.jpg

Қазақстандық түрмелер мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтарына бейімделмеген. Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Халық партиясының депутаты Кенжеғұл Сейтжан ерекше қажеттіліктері бар адамдарды түзеу мекемелерінде ұстау мәселесін көтерді.

ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде Сейітжан арнайы комиссияның құрамында осындай бірқатар мекемелерде болды. Оның айтуынша, егер көру қабілеті бұзылған сотталғандар жағдайға сәл де болса бейімделе алса, тірек-қимыл аппараты бұзылған сотталғандар үшін ешқандай жағдай жоқ.

– Әрине, олар кінәлі, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты, - бірақ оларға өмір сүру үшін қажетті ең қарапайым жағдайдың өзі жасалуы керек деп есептейміз.

ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха мұндай мәселенің өзектілігін мойындады.

– Өкінішке қарай, біздің арнайы мекемелер өткен ғасырда салынған, - деді вице-министр. - Олар мүгедектігі бар адамдарға бейімделмеген және онда қандай да бір ерекше жағдайдың болуы мүлдем қиын.

Қазіргі таңда бұл мәселе ІІМ-нің бақылауында.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy