Қаһарман қыздың ерлігі – ұрпақ жадында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында және «Мәдени мұра» жобасы шеңберінде Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірінде Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ерлігіне арналған ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған мерген қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай оның рухына тағзым етті. Айтулы датаға байланысты партия мүшелері Глубокое ауданына қарасты Белоусово ауылындағы орта мектепте «Айбын» атты әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырды. Байқауға 10–11 сынып оқушылары қатысты.

1

2

3

4

– Бұл сайыс – қазақ халқының қаһарман қызының ерлігіне көрсетілген құрмет әрі жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды кезеңі болды, – деді ұйымдастырушылар.

5

Сол секілді Атырау облыстық филиалының жетекшісі Балжан Досмұхамбетова мен қалалық мәслихат депутаты Бекжан Есенғожин филиал жанындағы әйелдер қанатының қолдауымен Әлия Молдағұлованың мерейтойына арналған шағын әскери-патриоттық чемпионат ұйымдастырды. Аталған іс-шараға «APEC Petro Technic» жоғарғы колледжінің студенттері қатысты.

6

7

8

9

10

11

12

Ал Тараз сервистік және технологиялық колледжінде партия мүшелері студенттерге «Ерлік сабағын» өткізді. Шараға Жамбыл облыстық партия филиалының басшылығы, ҚХП мәслихат депутаты Әсел Жапарова, соғыс ардагерлері және колледж оқытушылары қатысты.

13

14


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy