Өңірлерде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған шаралар ұйымдастырылды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Мәдени мұра» жобасы аясында Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірінде Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ауқымды іс-шаралар өткізді.

Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың ержүрек қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған байланысты Түркістан облыстық филиалы Кентау қаласындағы №19 мектепте «Ерлік сабағын» ұйымдастырды. Айта кетейік, бұл оқу орнына мерген қыздың есімі берілген.

1

2

22

– Жастығына қарамастан майданға аттанып, Отанын қорғап қаза тапқан Әлияның ерлігі – мәңгі жүрегімізде, – деп атап өтті партия мүшелері.

3

Ұлытау облысындағы партия өкілдері қаһарман қызды ұлықтау мақсатында әскери дайындық бойынша жарыс өткізді. Байқауға белсенді қатысқан жастарға бағалы сыйлықтар мен естелік сыйлықтар табысталды.

5

6

7

8

9

Ал Ақтөбедегі партия ұйымы батыр қыздың туған күнінде қалалық Батырлар аллеясындағы ескерткішіне гүл шоғын қойды. Салтанатты шараға Қазақстан Халық партиясының Орталық аппараты мен әйелдер қанатының басшылығы, филиал белсенділері, жастар мен батырдың туыстары қатысты.

10

11

– Бұл – Әлияның ерлігіне құрмет қана емес, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулудағы маңызды қадам, – деді қатысушылар.

12

13

Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық филиалы «Ерлік ұшқан тағдыры» атты естелік кеш ұйымдастырды. Оған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гу Ю, ҚХП әйелдер қанатының төрайымы, партияның орталық және өңірлік өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Кеш аясында Әлия Молдағұлова туралы жаңа веб-сайт пен комикстің таныстырылымы өтті. Бұл жоба ҚХП мен Aqtobe IT Hub бастамасымен іске асырылған.

15

16

– Батырдың ерлігін заманауи форматта таныстыру – жастарға әсерлі мысал болмақ, – деп атап өтті сайт авторлары.

17

18

19

20

21

онымен қатар, А.Жұбанов атындағы музыка колледжі студенттері шағын концерт қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында «Қазақтың қаһарман қызы» атты бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy