Ұмытылмас ерлік

Қазақстан Халық партиясы Ленинград блокадасының жойылуының 81 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағызым!» акциясының екінші кезеңін аяқтады. Ауқымды акция Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар топтамасын қамтиды.

Алматы облысында, Шеңгелді ауылындағы №1 кітапханада партия мүшелері ардагерлердің жастармен кездесуін ұйымдастырды. Оған партияның Орталық аппаратының өкілдері де қатысты. Шара барысында қатысушылар блокада кезіндегі сұрапыл күндер туралы, ленинградтықтардың ерлігі мен қайсарлығы туралы баяндамаларды тыңдады, сонымен қатар тарихи хроникаларды тамашалады. Ардагерлер жастарды бейбіт өмірді бағалауға шақырып, естеліктерін бөлісті.

«Біз бұл оқиғаларды есте сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуіміз керек», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жетісу облыстық ҚХП филиалы жастарға арналған «Жау құрсауына берілмеген қала!» атты тақырыптық патриоттық сағат ұйымдастырды. Шара мектеп мұражайында өтіп, өндірістік колледж студенттерінің назарына Ұлы Отан соғысынан қалған қару-жарақтардың көрмесі ұсынылды. ӘТМ директорының әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары Андрей Ворков студенттерге дәріс оқыды. Ол Ленинград блокадасына қатысты оқиғаларды, аштыққа, суыққа және қарша бораған бомбаға төтеп беріп, аман қалған, өз қаласын қорғай білген ленинградтықтардың ерлігі туралы айтып берді. Дәріс барысында кеңес халқының соғыс жылдарындағы ерлігінің маңызына ерекше мән берілді.

2

Студенттер лекцияны үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, көрмеге қойылған жәдігерлерді мұқият тамашалады. Олардың көпшілігі мұндай шаралардың тарихи жадты сақтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

«Бүгінгі іс-шара тек тарих сабағы емес, жастарға сол заманның жай-күйін сезінуге, бейбіт өміріміздің қандай қиындықпен келгенін түсінуге мүмкіндік берді. Патриоттық тәрбие – тұлғаны дамытудың маңызды бөлігі», - деп атап өтті ҚХП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Олжас Ибраимов.

1

Қазақстан Халық партиясы жастардың тарихи санасын дамытып, патриоттық рухты нығайтуға бағытталған осындай шараларды алдағы уақытта да өткізетін болады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy