Мәжіліс депутаты, «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқардың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда. Ол ҚХП жергілікті филиалының төрағасы Борис Лаврентьевпен бірге облыстағы бірқатар ұйымдар мен нысандарды аралады.
Мәжіліс депутаты сайлаушылармен кездесу бағдарламасы аясында БҚО ТЖД қызметкерлерімен іс-шара өткізіп, олармен құтқару қызметінің өзекті мәселелерін, соның ішінде оларды заманауи техникамен және жабдықтармен, ал қызметкерлерді кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Кейін Ислам Сұңқар Орал қаласының вокзалына барды. Қала вокзалының аумағын негзігі алаң, ғимараттар, жолаушылар платформалары және туннель құрайды. Вокзал ғимаратында (жалпы ауданы 5720,8 ш.м.) сауда орындары мен павильондар, қоймалар, демалыс бөлмелері, ана мен бала бөлмесі орналасқан.
«Үш қабатты вокзал ғимараты осыдан 40 жыл бұрын, сонау 1984 жылы салынған, - деп атап өтті жиынға қатысушылар, - Мұнда 2012-2013 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сапар соңында Ислам Сұңқар Достық үйіне барып, облыс жастарымен кездесті.