Мәжілісмендер ЕҚСК құру идеясын мақұлдады

dep.jpg Мәжіліс Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын (ЕҚСК) құру туралы келісімді ратификациялап, оны Сенатқа жіберді. Құжат 2022 жылы Ереванда жасалған. Оның мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жаңа халықаралық қаржы ұйымын құру болып табылады.

Депутаттардың пікірінше, ЕҚСК мекемесі инвестициялар көлемін ұлғайтуға және Экспорттық кредиттерді қайта сақтандыру арқылы Тараптардың үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге тиіс. Осы орайда компания экспорттаушылардың сақтандыру шығындарының бір бөлігін өзіне алатын болады.

Қазақстан Халық партиясы келісімді ратификациялауды қолдады. Себебі, мәжілісмен Ислам Сұңқар атап өткендей, бұл қадам елдердегі сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына қолдау болады. Сәйкесінше, брокерлік қызметтерді жоюға жол ашады. Нәтижесінде, қайта сақтандыру құны әжептәуір төмендейді.

– Осылайша, келісімді ратификациялау қатысушы елдердің экспорттық-импорттық қатынастарын дамытуға қолайлы әсер етеді, – деп түйіндеді ойын мәжілісмен.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy