ҚХП өкілдері еңбек адамына құрмет көрсетті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірлерде бірқатар іс-шара өткізген Қазақстан Халық партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесіп, еңбек жолында ерекше көзге түскен азаматтарға алғыс хат табыстады.

Ақтөбе қаласында осындай марапатқа өңірге белгілі қоғам қайраткері, еңбек ардагері Құралай Базарбайқызы ие болды. Салтанатты рәсім сал болып қалған азаматтарға қолдау көрсететін қалалық орталықтың ұжымымен өткен кездесуде ұйымдастырылды. Шараға партияның әйелдер қанатының жетекшілері мен өңір жастары да белсене қатысты.

1

2

– Басты мақсатымыз – патриоттық тәрбие беру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Бұл әйел-ананың адал еңбек жолы – жас ұрпаққа үлгі боларлықтай, – деп атап өтті ҚХП жергілікті филиалының өкілдері.

3

Кездесу барысында партия өкілдері ҚХП-ның бастамалары, қызметі мен бағдарламасы жайлы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ал Абай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев арнайы «Геобарлау» колледжіне барып, өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген бірқатар азаматты алғыс хатпен марапаттады.

4

5

– Бұл марапаттар – ел болашағына бейжай қарамайтын, жаңашыл бастамаларды қолдайтын жастарды ынталандырудың нақты көрінісі, – деді партия өкілі.

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy