ҚХП өкілі сайлауда жеңіске жетті!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының өкілі Мұрат Қожаев Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданына қарасты Пригородный ауылдық округі әкімдерін сайлауда айқын жеңіске жетті.

ҚХП кандидатына сайлаушылардың 70%-ы дауыс берді.

Бұған дейін Мұрат Қожаев Мамлют ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ-ін басқарған.

Бұл – аймақтағы партия мүшелерінің алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін Мамлют ауданының әкімі болып ҚХП өкілі Елена Степаненко сайланған еді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy