Наурыз мерекесі құтты болсын!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы барша қазақстандықтарды көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Наурыз мейрамы - халық арасында ең қадірлі, әрі ежелгі мерекелердің бірі.

Көктемнің ашық күніндей болған бұл Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Әлемнің оянуы мен жаңару мерекесі. Бұл біздің болашағымыздың бастауы, жақсылықтың жаршысы, Шығыс халықтары үшін жаңа жылдың басы!

Осы бақытқа толы шат-жадыман күндерде баршаңызға бейбітшілік пен бақыт тілейміз! Жүректер игілік пен үйлесімділікке толы болсын, өмірлеріңіз қуаныштан марқайсын, алға қойған мақсаттарға жетуде күш-қайратыңыз бен шыдамдылығыңыз сарқылмасын!

Әр күніңіз шуақты, отбасыңыз қуатты болсын! Еліміз тыныш, айналамыз аман болсын! Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Қазақстан Халық партия


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy