Өрт қауіпсіздігі – басты назарда

ҚХП елімізде жаңа «Халық үні» жобасын бастады. Бұл бастама аймақтардағы халықтың өзекті мәселелерін шешуге және қауіпсіздік мәселелеріне арналады.

Жобаның тақырыптық бөлігі – «Өрт қауіпсіздігі: өңірлік мониторинг және алдын алу шаралары» аясында Балқаш қалалық ҚХП филиалының кеңсесінде «Өрт қауіпсіздігі: сын-қатерлер, шешімдер және өзара іс-қимыл» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Балқаш қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, қоғамдық кеңес пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ ТЖ және ІІМ ардагерлері мен партия белсенділері қатысты.

1

– Біз өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді және осы саладағы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимыл тетіктерін талқыладық. Сондай-ақ профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мен халықты ақпараттандыру бойынша ұсыныстар алмастық, – деді ұйымдастырушылар.

2

Бұдан бөлек, ҚХП Балқаш қалалық филиалының жетекшісі Қаныш Ысқақ партияның жастар қанатының белсенділерімен бірге қаладағы жеке тұрғын үй секторында, 91-ші квартал аумағында, ТЖ басқармасының рейдіне қатысты.

4

– Рейд барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, пеш пен жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біз балқаштықтарға күз-қыс мезгілінде өрттің алдын алу шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескерттік, – деді партия өкілдері.

Тұрғындармен жеке кездесулер өткізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

3

– Негізгі мақсат – өрттің алдын алу, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлардың санын азайту. Осындай рейдтер қаладағы басқа шағынаудандарда да жалғасады, – деп түйіндеді партиялықтар.

Батыс Қазақстан облысындағы партия ұйымдары да осы бағытта дөңгелек үстел өткізді. ҚХП белсенділері өрт пен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша бірлескен шараларды талқылап, тұрғын үйлерді көміртек газы датчиктерімен жабдықтаудың маңызына назар аударды. Партия мүшелері ТЖД қызметкерлеріне, демеушілер мен волонтерлерге адам өмірін сақтап қалуға септігі тиетін құрылғыларды орнатуға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Кездесу қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту және халықты ақпараттандыруды арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді.

5

– Бұл іс-шараның мақсаты – Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қаупін азайту және жылыту маусымына дайындықты күшейту. Мұндай жұмыс өңірдің климаттық ерекшеліктері мен инфрақұрылымын ескерчек, ерекше маңызға ие, – деп атап өтті ҚХП өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy