Құқықтық сауат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Өзіңе тиесілі қызмет үшін ақы төлеме!» — осындай ұранмен Қазақстан Халық партиясы өңірлерде құқықтық сауатты арттыруға, «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға және Әділетті Қазақстан құндылықтарын дәріптеуге бағытталған лекциялар, пікірталастар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер циклін өткізуде.

Абай облысындағы ҚХП филиалы Семей қаласында семинар-тренинг ұйымдастырды. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, БАҚ қызметкерлері, азаматтық белсенділер мен жастар қатысты. Жиында тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, құқықбұзушылыққа бей-жай қарамау жолдары, сондай-ақ бұл процестегі жастар мен азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.

1

– Біз өткізіп жатқан шаралардың басты мақсаты – қоғамда адалдық пен әлеуметтік әділдік қағидаттарын орнықтыру, азамат пен мемлекет арасындағы сенімді нығайту, – деді ұйымдастырушылар.

2

Қостанай облыстық филиалы да дөңгелек үстел өткізді. Пікірталасқа облыс әкімдігі аппаратының қызметкерлері, қоғамдық даму басқармасы, ПД-ның өзіндік қауіпсіздік басқармасы, денсаулық сақтау және білім беру салаларының өкілдері, мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасы, БАҚ пен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

3

– Басты мақсатымыз – жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттын арттыру және қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеу. Мұндай талқылаулар ашық диалог жүргізуге және әділдік мәдениетін орнықтыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті партия өкілдері.

4

Батыс Қазақстан облысындағы партия өкілдері де осындай кездесу өткізіп, нәтижесінде арнайы резолюция қабылданды. Онда бірнеше ұсыныс берілді: жергілікті атқарушы органдар кадрлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, жұмысқа қабылдау процесіне қоғамдық мониторинг енгізуі тиіс; жұмыс берушілер кадрды ашық әрі әділ іріктеу жүйесін дамытып, жемқорлық деректері туралы хабарлаған қызметкерлердің құқығын қорғауы қажет; ал ҚХП филиалдары қоғамда түсіндіру жұмыстарын жалғастыратын болады.

5

– Әрбір азаматтың жетістігі адал еңбекке, білімге және кәсіби тәжірибеге негізделуі тиіс деп санаймыз. Тұрмыстық деңгейдегі жемқорлықпен күрес – әділетті әрі қуатты мемлекет құру жолындағы ортақ үлесіміз, – деді ҚХП өкілдері.

6


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy