
Қазақстан Халық партиясының ұжымы саясаткер, қоғам қайраткері Ержан Жалбақұлы Бабақұмаровтың қаза болуына байланысты оның туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Ержан Жалбақұлы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саласында адал еңбек етті. Ол Президент Әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгеруші орынбасары, ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры және Мемлекет басшысының кеңесшісі болды. Бұдан бөлек, Талдау және болжау орталығын басқарды, Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, сондай-ақ Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрамында еңбек етті.
Саяси ғылымдар кандидаты Ержан Жалбақұлы – Қазақстан, Ресей, Үндістан және Украина елдерінде жарық көрген 50-ден астам монографияның, кітаптың, ғылыми еңбектің және мақаланың авторы.
Мемлекет Ержан Бабақұмаровтың еңбегін жоғары бағалап, оны «Құрмет» орденімен және бірнеше медальмен марапаттады.
Ержан Жалбақұлының жарқын бейнесі мен өнегелі өмір жолы оны білетін жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақстан Халық партиясы атынан
қайғыра көңіл айтамыз.
@halyk_partiyasy