Футбол дауы

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов «Қайрат» – «Реал Мадрид» футбол матчының сапасыз көрсетілуін сынға алып, жауапты органдардан бұл жағдайға қатысты ресми түрде жазбаша түсініктеме беруін талап етті.

Бұл туралы ол Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған «Инфрақұрылым және қолжетімділік. Әлеуметтік әріптестік. Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында айтты.

– Көптеген жанкүйерлер қымбат билетті сатып ала алмағандықтан, ойынды теледидар арқылы көруге мәжбүр болды. Алайда интернет мүлде істемей қалды. «Қайрат» – «Реал» матчын тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем көрді! Ал біздің азаматтар бірінші таймды мүлде көре алмады, – деді Магеррамов.

Оның айтуынша, жанкүйерлер жаппай шетелдік сайттардан трансляция іздеп, матчы көре бастаған. Бірақ ол трансляциялар шет тілінде болғандықтан, комментатор не айтып жатқанын түсіну қиын болған.

– Бұл қалай болғаны?! Бұл – нағыз патриотизм көрінісі еді! Осындай ауқымды оқиғалар патриоттық тәрбиенің бір бөлігі, - деп күйінді депутат.

Сонымен қатар, Магеррамов матчты ұйымдастыру жұмыстары өте нашар жүргізілгенін айтты: билет бағасын ешкім бақыламаған, билеттердің көбі алыпсатарлардың қолына өтіп, олар оны бірнеше есе қымбат бағаға сатқан.

– Біз өз азаматтарымызға футболды тіпті теледидардан тамашалауға мүмкіндік бере алмай отырмыз! – деді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy