Партия қатары толығып, ықпалы нығайа түсті

Қазақстан Халық партиясы өз қатарын кеңейтіп, құрылымдық бөлімшелерін жаңартуда. Бұл жұмыс ҚХП-ның өңірлік филиалдары тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Жуырда Түркістан облыстық дене шынықтыру диспансерінде жаңа бастауыш партия ұйымы (БПҰ) құрылды. Оны дәрігер Абзал Жармұхамбетов басқармақ. Бүгінде ұйым құрамында төрт партия мүшесі бар, алайда олар алдағы уақытта диспансердің басқа да әріптестері мен пікірлес мамандарының қатарға қосылатынына сенімді.

1

Қарағанды облысында Балқаш қалалық филиалының төрағасы Қаныш Ысқақ Қалалық медициналық колледж студенттерімен кездесу өткізді.

2

– Жастардың көзқарасы мен идеялары әрдайым өзгерістердің қозғаушы күші саналады және ел болашағына пайдалы жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етеді. Бүгінгі жиын барысында біз жас буынның белсенділігі мен күшті ерік-жігерінің куәсі болдық, - деді ол.

Филиал төрағасы аудиторияға партияның алдағы жоспарлары мен бағыттары туралы айтып, әсіресе, Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға жастар қанатының белсенді қатысуының маңызына ерекше тоқталды. Кездесу соңында партия қатарына жаңадан қосылғандарға партия билеттері табысталды.

3

– Біз бұл жастардың еліміздің дамуына зор үлес қосатынына сенімдіміз. Партиямыздың қатары жаңа мүшелермен толығып жатыр, және баршамыз бірге Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуге дайынбыз, - деп түйіндеді Қаныш Ысқақ.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy