Жаңа көкжиектер

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Астанада сайлаушылармен жұмыс кездесуін жалғастыруда.

Бұл шара халықпен кері байланыс орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа құқықтық ұсынымдар мен заңнамалық бастамаларды қалыптастыруға бағытталған.

Мәжілісмен елордалық Мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) төрағаларымен кездесті. Кездесуде жуырда Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң тілге тиек болды.

1

– Бұл құжатта біз профилактика субъектілерінің санын 13-тен 26-ға дейін арттырдық, олардың қатарына МИБ те кірді, – деп түсіндірді Магеррамов. – Кездесу барысында біз алдағы уақытта оларды қандай профилактикалық жұмыс күтіп тұрғаны жайлы сөйлестік. Өз кезегінде төрағалар МИБ-ке қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша бірқатар ұсыныс жасады.

Сонымен қатар депутат ҚР Волейбол федерациясында болып, басшылығымен кездесті. Спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде еліміздегі волейболдың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

4

– Волейбол тұрақты әрі жақсы нәтиже көрсетіп келеді, сондай-ақ одан әрі дамыту және халық арасында танымал ету үшін айтарлықтай әлеуетке ие болып отыр», – деп қорытты Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy