О, спорт, сен бейбітшілік елшісі едің!

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева басқа парламенттік фракциядағы әріптестерімен бірге Астанадағы Паралимпиада жаттығу орталығында болды. Іс-шара мәжілісмендердің сайлаушылармен көшпелі кездесулері аясында өтті.

Орталықтың басқарушы менеджері Марғұлан Қияқов қонақтарды мекеменің жұмысымен таныстырды. Күн сайын орталыққа 20 спорт түрімен айналысу үшін 150-ден астам адам барады. Олардың қарамағында жаттығуға, жауынгерлік өнермен айналысуға және спорттың ойын түрлеріне арналған үш спорт залы бар. Орталыққа қоғамдық қорлар мен бірлестіктердің тәрбиеленушілері жиі келеді.

Мұнда жаттығу жасау үшін ешқандай қиындық туындамайды. Ал инватакси қызметінің сапасыздығынан мүгедектігі бар адамдардың орталыққа жетуі біршама қиындық тудырып отыр. Бұдан басқа, орталықтың жанында қоғамдық көлікке арналған жылы аялдамалар жоқ. Мүгедектігі бар адамдар (МБА) қалалық билікке шағымданғанмен, әлі күнге жауап болған жоқ.

1

Қосымша бассейн ашу мәселесі бұрынғысынша түсініксіз күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар спортшылармен шұғылданатын маман-жаттықтырушылардың жалақысын көтеру мәселесі де біржақты шешімін таппаған. Марғұлан Қияқов сондай-ақ Чханвонда (Оңтүстік Корея) пара-оқ атудан Әлем кубогының жеңімпазы және Нью-Делиде (Үндістан) өткен Әлем кубогының жүлдегері, Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Еркін Ғаббасовтың проблемалары туралы айтып берді. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуынан жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін чемпионға жеке көмекші-еріп жүруші қажет.

– Біз бұл мәселені оң шешеміз деп үміттенеміз, - деп атап өтті Гаухар Танашева. - Біз ерекше қажеттіліктері бар адам бола отырып, еліміздің спорттық даңқын арттырып жүрген чемпионды қолдауға тиіспіз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy